Бүгін аманаттықтар «ТazaLike» партиялық жобасы аясында және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевтың ҚР Премьер- Министріне жолдаған депутаттық сауалындағы еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту және тазалықты сақтау мақсатындағы аптаның бір күнін тазалық күні ретінде белгілеп, яғни бейсенбіні «Таза бейсенбі» деп атап, шынай халықтық шараға айналдыру жөніндегі ұсынысына қолдау білдіріп, қала орталығындағы Батырхан Шөкенов атындағы саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жалпы табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау әрбір азаматтың парызы десек, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясы Сыр елінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» атауымен өте белсенді жүргізілуде.
Игі іске аймақтағы «AMANAT» партиясы өкілдері де өз үлестерін қосып келеді. Тазалықты сақтау, еліміздің экологиялық жағдайдын жақсарту партияның Сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқандықтан партияның облыстағы барлық құрылымдық бөлімшелері, «Жастар рухы» белсенділері тазалық акцияларына толық қатысуда.
Бүгінгі тазалық жұмыстары барысында да аманаттықтар саябақ ішін қоқыстан тазартып, қураған ағаштарды кесіп шығарды.