Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Экология жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты биологиялық тазарту станциясы мен «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС өндірістік химиялық – бактериялогиялық зертханасы жұмысына мониторинг жүргізді.
Титов қыстағында орналасқан Биологиялық тазалау станциясы 2008 жылы пайдалануға берілген. Қаламыздағы басты № 1, 11, 12, 13 кәріз насосты станциялары мен Талсуат елді мекенінде орналасқан «Оңалту орталығының» кәріз суларын қабылдайды. Биологиялық тазарту станциясында ағынды суларды биологиялық және механикалық тазарту жасалынады. Тазартылған сулар сүзгіден өтіп сүзгі алаңына жіберіледі.
Мамандардың айтуынша 2018 жылы станциясының жаңа үлгідегі диспетчерлік-автоматтандырылған және электр қуатын үнемдеуші қондырғылары мен жабдықтарын қолданысқа енгізіп жаңашаландыруға» жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған. «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ-мен 2023 жылы құрылыс монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, жеңімпаз мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-мен 4,328 млрд.теңгеге келісім шарт жасалған. Қазіргі таңда мердігер мекемемен тазарту станциясында демонтаж жұмыстары жүргізіліп аяқталған. Қондырғылар мен құрылғыларға тапсырыс берілген. Жобаның аяқталу мерзімі 2024 жылдың соңғы айы деп күтілуде. Алайда республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеуіне орай жөндеу құрылыс монтаж жұмыстары тоқтап тұр.
Мұнан соң кеңес мүшелері «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС өндірістік химиялық – бактериялогиялық зертханасында болды. «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-нің теңгерімінде 88,3 шақырым су құбырының желісі, 38 су ұңғымасы, 3 су айдау стансасы, 1904 жылы салынған 16 қысымды су мұнарасы, сонымен қатар су құрамын үнемі бақылауда ұстап отыратын химия – бактериологиялық зертханасы бар. Зертханада судың құрамын зерттеудің 20 түрін жүргізеді.
«Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-і бас инженері Бақытбек Оспановтың айтуынша серіктестік облыс бойынша 2700, қала бойынша 1200 жалпы 4 мыңға жуық абонентті ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Су құбырларының тозығы жеткендіктен алдағы уақытта 23,333 шақырым су құбырларын ауыстыру жоспарланған. Дегенмен құбырлардың тозу деңгейін төмендетіп, авариялық мәселелердің алдын алу үшін қосымша бюджеттен қаржы қаралса дейді.
Монитринг қорытындысымен кеңес мүшелері алдымен биологиялық тазарту станциясы бойынша құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуші мердігер мен тапсырыс беруші мекеме басшыларымен жедел жиын өткізу, ал «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-і жұмысы бойынша халыққа сапалы және тұрақты ауыз су жеткізу үшін су құбырларының тозуы деңгейін төмендету мен авариялық мәселелердің алдын алу мақсатында мемлекеттік бюджеттен және «Қазақстан теміржолы» АҚ-на қосымша қаржы бөлуге қатысты нақты ұсыныстар жолданатын болды.