Бүгін партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың төрағалығымен «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында шетелдік автокөліктерді заңдастыру, утильалым мен алғашқы тіркеу жарнасы бойынша шетелдік көлік иелерімен кездесу өтіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Атап өтейік, партияның облыстық филиалы мәселеге қатысты бұған дейін де салаға жауапты құзырлы мекемелердің өкілдерін қатыстыра отырып кездесу ұйымдастырған болатын. Онда автокөлік иелерінің көтерген ұсыныстары хаттамаланып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы Фракциясына жолданған болатын. Мәселені Мәжілістегі фракция арнайы министрлік өкілдерімен дөңгелек үстел барысында талқылады. Қазіргі таңда ортақ шешім шығару бағытында жұмыс жасауда.

Аталған мәселелер азаматтар тарыпанан бүгінгі кездесу барысында да айтылды. Сонымен қатар, SOS батырмасын орнату мен сәйкестендіру сертификатына қолма-қол төленген қаржы, сақтандыру мәселелері көтеріліп, жауапты органдар тарапынан заңнамалық тұрғыда түсіндірме жасалды. Кейбір мәселлерге қатысты жазбаша жауап берілетін болды.

Кездесу барысында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы өткен және бүгінгі кездесудегі сұрақтардың бүкіл ел бойынша көтеріліп отырғанын және Орталық деңгейде шешілетінін, сондай-ақ олардың бір күнде немесе бір айда шешімін табатын мәселе еместігін атап өтіп, әрбір айтылған ұсыныс жауапсыз қалмайтынын және оның нәтижесін шығаруға «AMANAT» партиясы, партияның Мәжілістегі фракциясы мүшелері жұмыс жасап жатқандығын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенаты депутаттарына қосымша жолданатын болды.

Шараға экология, Мемлекеттік кірістер және Әкімшілік полиция, сондай-ақ, облыс бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасы, прокуратура, облыстық, қалалық қоғамдық даму басқармасы мен бөлімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өкілдері мен сақтандыру саласы мамандары қатысты.

БӨЛІСУ