ҚР Сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес Қызылорда өңірінде өкілеттік мерзімі аяқталған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіліп келеді.
Жыл басынан бері 5 ауылдық округ әкімі сайланды. Ал, 19 мамырда Қармақшы ауданының Жосалы кенті, ІІІ Интернационал, Ақжар ауылдық округ әкімінің сайлауы ұйымдастырылады.
16 маусымда Шиелі ауданының 3 ауылдық округінде сайлау өтеді. Атап айтқанда, Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округі әкімінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты жергілікті тұрғындар жаңа әкімді сайлайды.
3 округ бойынша 2 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы. Сайлау процесі 3 учаскеде ұйымдастырылады. Оған 19 комиссия мүшесі тартылады.
Ауылдық округтер әкімінің сайлауы бойынша ақпараттарды төмендегі QR кодты сканерлеу арқылы біле аласыздар.