Қала аумағында жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың орын алуына сәйкес, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық оқиғаларының алдын-алу және болдырмау бағытында Қызылорда қалалық прокуратурасының тапсырмасына сәйкес “Qosyl” жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен колледж жастарымен кездесу өтті.
Шараға Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры А. Сұлтанмұратова, қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М. Жорабек, колледж директоры Ж.Тоғанова директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, колледж психологтары мен жастар ісі жөніндегі инспектор қатысты. Сондай-ақ колледж түлектері қалалық жастар орталығының кеңесшісі, Қызылорда “Жайдарман” филиалының әкімгері, колледж түлегі Г. Серік пен колледждің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Е. Ернар өзінің білім алу бағытындағы жеке тәжірибесі және ағылшын тілі пәнінің нарықтағы сұранысы туралы айтып өтті.
Жиын аясында студент жастарға жетістікке жетудің тұлға болып қалыптасудағы маңызы, өзіңді дамыту, жеке қабілеттеріңді шыңдаудың мәні және нәтижеге қол жеткізу бағытындағы сәтсіздіктен сабақ ала отырып табысқа жету жолдары айтылды. Қоғам белсенділері, сала мамандары бас қосқан жиында әр спикер жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, білім алушылармен сұрақ-жауап алаңы құрылды.