Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінімдер қабылдау басталады.

«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға» Business.enbek.kz порталында 1-лек бойынша өтінімдер қабылдау 2024 жылдың мамыр айының 20-31 аралығында басталады.
Мемлекеттік грант 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды және нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз негізде тек бір рет қана беріледі.
Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Грантқа қатысуға өтінім беруге үміткерлер:
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
– көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
– асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
– қоныс аударушылар;
– қандастар;
– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
– мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы).
Егер де аталған санаттың бірі болған жағдайда:
– Жұмыссыз немесе 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы шарт;
– «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтау;
– порталда тіркелу;
– грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
– бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;
– өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.

Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

БӨЛІСУ