Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын аралап, бірқатар нысандардың жұмысын көрді.

Алдымен Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне барды.Бүгінде мектепте спорттың 13 түрі бойынша 1526 спортшы жаттығуда.

Мұнан соң аудан орталығының 5 квартал аймағындағы көпқабатты тұрғын үйлерге барып, тұрғын үйлердің ауласын, ойын және спорт алаңдарының жай-күйін көріп, тиісті сала басшыларына тұрғын үйлер аумағының санитарлық-тазалық мәселесіне қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар Әйтеке би кентінің батыс аймағында орналасқан «Қамыш Орда» ЖШС-нің жұмысында көрді. Бүгінде аудан аумағында орналасқан аталмыш серіктестіктен әзірленетін қамыс Еуропа елдеріне экспортталуда. Шет елдерге шығарылып жатқан қамыстың барлығы аудан аумағынан әсіресе Кәукей ауылынан орылып, әкелінуде. Бұл жөнінде аудан басшысына серіктестіктің жауапты өкілі Неждет Ергенбеш баяндады. Аудан әкімі өз кезегінде аудан тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған серіктестікке барынша қолдау көрсететін жеткізді.

Аудан басшысы мұнан бөлек Қазалы қаласына да табан тіреп, мұндағы орталық саябақтарды, қала көшелерін аралап, көшелердің абаттандыру, санитарлық тазалығына қатысы қала әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.

БӨЛІСУ