Өрт – адамзаттың тілсіз жауы. Ыстық ауа райы орман алқаптарында туындайтын өрттің санын одан сайын арттырады. Апаттың негізгі себебі – сөндірілмей тасталған алаулар, темекі тұқылдары және адам арасында табиғат аясында демалу кезінде және де басқада өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Әсіресе, дала өрті – табиғатқа және мемлекетке орны толмас шығын әкеледі.

Осы орайда аудан көлемінде далалық жерде өрт пайда болған кезде мекеме, ұйымдардың және ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындығын тексеру мақсатында «Өрт-2024» республикалық командалық – штабтық оқу – жаттығуды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес, тиісті қызметтердің қатысуымен Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің бойындағы Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің тұқымбағында орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында өрт – тактикалық жаттығуы өткізіліп, күштер мен құралдардың әзірлігі тексерілді. Оқу жаттығуға барлығы 81 адам, 17 арнайы техника жұмылдырылды.

БӨЛІСУ