Бүгін Шиелі аудандық ардагерлер Кеңесінің кезекті lll Пленумы өтті.

Пленум жұмысына аудан әкімі Нұржан Ахатов, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, “Ардагерлер ұйымы” Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен пленум мүшелері қатысты.

Пленумда алғашқы сөзді аудан әкімі Нұржан Ахатов алып, ауданда атқарылған жұмыстар мен ардагерерге көрсетілген құрмет пен алдағы жоспарлармен бөлісті.

Сондай-ақ, пленумда мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил сөз алып, өнегеге толы орамды ойларын айтты. Әрі аймақта, ауданда ардагелердің құрметіне жоспарланған жобалар мен тың бастамаларға тоқталды.

Бірқатар ардагерлер аудан әкімінің, облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды.

БӨЛІСУ