Сотталғандарды жұмыспен қамту- маңызды.
Түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші тұлғалардың азаюы – мемлекеттегі әлеуметтік-саяси жағдайдың оң өзгерістері мен қылмыстың төмендеуіне, азаматтардың заңды сақтауына байланысты. Бұл тұрғыда сотталғандардың жұмыспен қамтылуы өте маңызды.
Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі облыстың қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде жүйелі жүргізіліп келеді.
Түзеу мекемелерінің өндірістік аймақтарынан бос алаңдар кәсіпкерлерге коммуналдық шығындарды төлеу және сотталған азаматтарға ең төменгі жалақы беру арқылы жұмыспен қамту шартымен беріледі. Яғни, кәсіпкерлер ғимаратты жалдау ақысын төлемейді.
Бүгінде «Еңбек-Қызылорда» филиалының өндірістік аймағына табиғи газ, электр энергиясы (380 Вт), ауыз су (скважина) жүргізілген. Аймақта кірпіш, пескоблок, газоблок, темір-бетон өнімдерін шығаруға болады. Сонымен қатар, металл мен ағаштан өнімдер, пластиктен өнімдер шығаруға барлық жағдай жасалған.
Облыс кәсіпкерлерін, осы түзеу мекемелерінде өндірістерін ашуға және жазасын өтеп отырған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге шақырамыз.
Қосымша мәлімет алу үшін +7 (7242) 21-53-97 байланысуға болады.