«Мектепке дейінгі тәрбие» бөліміне қарасты МДБ-Қ-22 оқу тобының ұйымдастыруымен 12 мамыр-Аналар күніне орай «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты кездесу шарасы өтті.

Мақсаты – анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Студенттерді ата-аналарға деген құрмет-сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Кездесу кешіне бөлім меңгеруші Жұмаділдаева Бота, топ жетекші Есмаханова Ұлжан, арнайы қонақ ретінде топтың ата-анасы, алтын алқа иегері Жанзақова Эльмира және “Мектепке дейінгі тәрбие” бөлімінің оқытушысы, күміс алқа иегері Бегалиева Назгүл және студенттер қатысты.

Шара барысында алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл аналар үлкен жүрекпен, мейірімді жүздерімен өздерінің өмір жолдарынан, отбасындағы бала тәрбиесінен сыр шертті. Ата-ана өнегесі – балаға өмірлік азық демекші, студенттер тарапынан да батыр аналарға көптеген сауалдар қойылып, сүбелі сұхбат жүрді. Сұхбат арасында топ студенттері асыл аналарға арналған ән-шашуларын, сахналық қойылымдарын тарту етті. Қорытындылай келе, батыр аналарымызға естелік сыйлық ретінде «Ардақты аналарымыз» атты кітап сыйға берілді.

БӨЛІСУ