Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және Абылай хан атындағы №140 мектебінің ұйымдастыруымен 12 мамыр – Аналар күніне арналған «ӘЛЕМДІ ТЕРБЕТКЕН АНА» тақырыбында өнер жәрмеңкесі өтті.
Өнер жәрмеңкесінің «Аналар – асыл жандар» бөлімінде Аналар кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева алғы сөз сөйлеп, елімізде тұңғыш рет аталып өткен Аналар күнінің маңыздылығына тоқталды.
Мектептің жоғары сынып оқушылар «Ана мәңгі асыл бейне» атты қазақ әдебиетіндегі аналар бейнесіне сипаттама беріп, тарихи мәліметтермен бөлісті.
Өнер жәрмеңкесінде Аналар қыздарымен бірге би өнері, қолөнер, тігін, аспаздық өнерлерін көпшіліктің назарына ұсынып, өздерінің шағын кәсіптерін қалай бастап, оны дамыту жолдарын туралы да қысқаша айтып өтті.
Іс-шараны «Әжелер» ансамблі әсем әнмен қорытындылады.

БӨЛІСУ