Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары!
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қызылорда облысы әкімінің «ӨРТ-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу нұсқаулығына сәйкес «2024 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында өңірде 2024 жылғы 15-16 мамыр аралығында «ӨРТ-2024» РКШОЖ өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Сонымен бірге 15 мамырда сағат 12-ден 55 минут өткенде “Баршаның назарына!” құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексерілетін болады.
Осыған орай сіздерден жаттығу өткізу және құлақтандыру жүйесін тексеру барысында үрейге бой алдырмай, сабырлылық сақтауларыңызды сұраймыз.
Қызылорда облысы ТЖД