Бүгін аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері, аудандық азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен тиісті салалық мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде негізгі мәселе – аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу.

Комиссия отырысына арнайы қатысқан Департамент басшысының орынбасары Ә. Әбдіқайымова мен бөлім басшысы Ж. Жетілгенова аса қауіпті карантинді жұқпалы аурулардың індеттік ахуалы, алдын алу, тіркелген жағдайда әрі қарай таратпау мақсатында атқарылатын іс-шаралар жайында баяндады. Сонымен қатар инфекциялық аурулардың алдын алуда вакцинациялаудың маңыздылығын атап өтті.

Отырыс соңында Комиссия төрағасы жауапты мекемелердің мамандарына төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жалғастыруын, аса қауіпті инфекциямен ауырған науқастарды емдеумен қатар, тиісті контингенттерді иммундау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ жалпы дайындық жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

БӨЛІСУ