6-12 мамыр аралығында Ақтау қаласында Президенттік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа 12-70 және одан жоғары жас категориясы бойынша спортшылар қатысты. Сыр спортшыларымыз түрлі номинациядағы 8 медаль иеленіп, туған елге табан тіреді.

Олар:
Сергей Мещанинов (70 не одан асқандар жас санаты) – 1 орын;
Мұратова Аружан (16-17 жас) – 1 орын;
Қазбеков Айдарбек (70 не одан асқандар жас санаты) – 2 орын;
Бодеев Мұрат (50-59 жас санаты) – 2 орын;
Юнгкинд Ирина( 50-59 жас санаты) – 2 орын;
Ким Александр (70 не одан асқандар жас санаты) – 3 орын;
Сүлеймен Гүлмайра (50-59 жас санаты) – 3 орын;
Қапбарова Гүлдана (40-49 жас санаты) – 3 орын.
Жалпы командалық есепте Қызылорда облысының құрамасы 6- шы орынға жайғасты.

Чемпионатпен қатар көпсайыстың үш түрі бойынша Ақтау қаласының ашық турнирі өтті. Құрамамыздың мүшелері Мещанинов Сергей мен Юнгкинд Ирина күміс медальдармен марапатталды.

Аталған ардагер спортшыларымызды бүгін теміржол вокзалынан қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мен спорт саласының мамандары күтіп алды.

БӨЛІСУ