Сонымен атышулы іс те өз мәресіне жетті. Қазақстан ғана емес, күллі әлем көз тіккен “Бишімбаев ісі” елдегі сот жүйесінің бағасы безбенделген іс болғаны анық. Күн сайын млндаған адам тікелей эфирде қарап, түрлі паблик, платформаларда да талқыланды.
Айта кету керек, тұрмыстық зорлық-зомбылықтардан қаза тапқан, зәбір көрген “Салтанаттар” көп. Дәл осы іске жұртшылықтың жіті назар аударуына қылмыскердің бұрын министр болғаны, қатардағы шенеунік емес, халықтың симпатиясын егеленген жас әрі беделді саяси тұлға болғаны, әкесінің ықпалды азамат екендігі әсер еткені анық.
Қоғамның пікірінің екіге жарылуында, үлкен ойындар жүргенінде де астар жоқ дей алмаймыз.
“Әйел де ішкен, анау-мынау” дегендер де табылды. Қандай аргумент те кісі өліміні ақтай алмасы даусыз.
Қоғам назарындағы, өз жүйесіне көзқарасқа тікелей әсері бар істі жүргізу, төрелік жасау, басқа істерден жауапкершілігі анағұрлым жоғары екені белгілі. Бұл тұста прокурор Аймағанова,судья Құлбаева, судмедэксперт Халимназаровтарға айтылған пікір, жұртшылық бағасы құқық қорғау саласына деген сенімнің артуына сеп.
Сонымен сот Бишімбаевқа 24 жыл кесті. Біреудің жалғызы. Ата-анасына ішің ашиды әрине. Бірақ қолмен істегенді мойынмен көтеру керек, көтерткізеді.

БӨЛІСУ