Биылдан бастап әйел кәсіпкерлерге арналған «Үміт» аты жаңа бағдарлама басталғаны белгілі. Ол бойынша алғашқы қаржы серіктес банктерге түсіп, арулар қаражатты игеруге кірісіп кетті. Бұл бағдарлама аясында Қазақстанның барлық өңірі, соның ішінде ауыл, шағын және моно қалалардағы кәсіпкер әйелдер екінші деңгейлі банктерден инвестицияға 84 айға дейін және айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін несие ала алады.

«Үміт» – несиелеу бағдарламасы болғандықтан, оған қаржы оқтын-оқтын түсіп тұрады. Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды қадағалап жүрсеңіз, бағдарлама аясында қаражат түскенде қай банкке қанша сома салынғаны жөнінде міндетті түрде хабарлаймыз. Ал бағдарламаға бизнесіңіз сай келетін, келмейтінін білу үшін https://damu.kz/programmi/loans/umit сайтымызға кіріп, шарттарымен таныса аласыз немесе өз өңіріңіздегі филиалға барып менеджерлермен кеңесуге мүмкіндік мол.

Бір кәсіпкердің қолына тиетін шекті сома – 100 миллион теңге.
Номинал мөлшерлеме – субсидия есебінен жылына 8%.
Кепілзат жетпеген жағдайда Қордың кепілдігін пайдалануға мүмкіндік бар.

Қолдау экономиканың барлық секторларын қамтиды. Тек қаржы және сақтандыру саласы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және көтерме-бөлшек сауда ғана кірмейді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында аруларға «Даму» Қоры Еуропа қайта құру және даму банкімен әріптестік аясында тегін оқу курстарын ұсынады. Бұл бағдарлама кәсіпкер әйелдерге бизнесті басқару және нарықтағы табысты бәсекелестік үшін қажетті кәсіби машық, білім мен құралдарға ие болуға мүмкіндік береді.

БӨЛІСУ