Қызылорда қаласында балконнан екі бала құлап кетті.
Ересектердің қарауынсыз қалған алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттың балконынан құлап кетті. Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ еске салады:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.