10 мыңнан астам педагог білім беру ұйымдарында буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша курстан кейінгі қолдау алады.

 Еліміздегі педагогтер, педагог-психологтер және білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатарынан 10 мыңнан астам мұғалім балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша курстан кейінгі қолдаумен қамтамасыз етіледі.

 Бұл шара оқушылар арасында буллинг көріністерінің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау, білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылықтың алдын алудың кәсіби дағдылары мен құзыреттерін жақсартуға, педагогтер қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Педагогтерді курстан кейінгі қолдау семинарлар, тренингтер, вебинарлар, конференциялар және практикалық сабақтар сияқты түрлі білім беру іс-шараларын, сондай-ақ жұмыс тәжірибесімен және оқыту тәжірибелерімен алмасуды, буллинг проблемасына арналған ғылыми зерттеулерді зерделеуді және оқыс оқиғаларға ден қоюдың және олардың туындауының алдын алудың инновациялық әдістері мен стратегияларын оқытуды қамтиды», – деп атап өтті «Өркен» БӘАҰҒПИ бірінші вице-президенті Елена Сакенова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда 3000-нан астам педагог курстан кейінгі қолдауға ие болды. Аталмыш жұмыс жыл бойы жалғасады.

БӨЛІСУ