Бүгінде елімізде елді мекендердің инфрақұрылымы дамып, өндіріс орындары ашылып, көркейту-абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар Президентіміздің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес жүргізілуде.
Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2023 жылы Жалағаш ауданы бойынша 179,7 млн. теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылды.
Жаңа жобаның игілігін көрген кәсіпкер азаматтардың бірі Жалағаш кентінің тұрғыны Серік Тажибаев. Кәсіпкер «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен 4 млн.теңге жеңілдетілген несие қаражатын алды.
Қазіргі таңда құрал-жабдықтарды алып өз жұмысын бастап кетті. Өндіріске 2 адамды жұмыспен қамтып, тәулігіне 300 дана пескоблок өндіруде.
Алдағы уақытта кәсіпкерліктің дамуына серпін берген жаңа жоба арқылы өз кәсібін бастаған азаматтардың бүгінгі жетістігін назарларыңызға ұсынып отырамыз.