Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде ұйымдастырылған сенбілік шараларымен танысып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Аудан бойынша өткізілген санитарлық тазалық жұмыстары барысында талдарды әктеу, көше тазалығы және аяқсу жолдарын ашу, бау-бақша мен көше бойындағы талдарға көктемгі науқанда күтіп-баптау жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, Жалағаш кенті көшелеріше күнделікті тұрақты түрде су себу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Жаз мезгілінде тұрғындар ауызсуды жылдық мерзім мөлшерінен асыра пайдаланатындықтан, аяқсумен толық қамту мәселенің бірден бір шешімі екенін айтты.

Аудан халқы 100 пайызорталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылған. 2023 жылы Аққұм, Мәдениет елді мекендерінің ауыз су жүйесін кеңейту және «Ақтерек» учаскесінің су ұңғымалары, су жинау-тарату кешенінің құрылысы мен сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы Аламесек ауылдық округінде ауыз су жүйесін кеңейту және Жалағаш кентіне тозығы жеткен құбырларды ауыстыруға жоба-сметалық құжаттама әзірленетін болады.

Сенбілік жұмыстарына аудан бойынша меншік нысанына қарамастан барлық 145 мекеме қатысып, 24 дана техника жұмылдырылды.

Сенбілікте көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан тазартылып, 20 тоннаға жуық күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.

Сонымен қатар, Жалағаш кенті және ауылдық округтердегі саябақтар мен аллеяларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

БӨЛІСУ