Ауданда “Таза Қазақстан” экологиялық тазалық акциясының “Мөлдір бұлақ” апталығы аясында су айдындарында жаппай сенбілік жұмыстары өткізілді.

Жүргізілген сенбілік жұмыстары барысында “Келінтөбе” магистралды каналы, Ақүйік су тоспасы, Көлтоған, К-2, Қайнар каналдары, М-3 бұлағы, Сырдария өзені мен аяқ су арықтарының айналасы шашылған күл-қоқыстардан тазартылды.

Жалпы сенбілікке 1000-нан аса адам үлес қосып, 6 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 10 тонна жуық тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орынға шығарылды.

БӨЛІСУ