Аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент» тас жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы барлығыңызға белгілі.
Қазіргі таңда, жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын, жобалық құны 1 млрд. 712 млн. теңге болатын тас жолдың бір бөлігіне асфальт жабындысы төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар үшін Ұлттық қордан 466 млн. теңге қаржы бөлінген болатын.
Сондай-ақ, биылғы жылы кентте жоба құны 1 млрд. 555 млн. теңгені құрайтын аудан орталығының күре жолдары саналатын 9 көшенің (Әл-Фараби, Досбол датқа, Дәулеткерей, Байтұрсынов, Жақаев, Абылайхан, Бұдабай, Сейфуллин, Шәкәрім) күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, Тәуелсіздік көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Ясауи, Дәулеткерей және Бәкіров көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ауданы өткен жылы бірқатар жобалар іске асырылды. Шиелі кенті мен ауылдық елді мекендердегі 28 көшеніорташа жөндеуге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 565 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Жоба құны 1 млрд 555 млн теңгені құрайтын аудан орталығының күре жолдары саналатын 9 көшенің (Әл-Фараби, Досбол датқа, Дәулеткерей, Байтұрсынов, Жақаев, Абылайхан, Бұдабай, Сейфуллин, Шәкәрім) 12,1 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы толығымен аяқталатын болады.
Шиелі кентіндегі жалпы ұзындығы 18,9 шақырым болатын
49 көшені орташа жөндеуге 535 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар, демеушілер есебінен 20 көшеге жәй жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Шиелі кентінде 12, Ы. Жақаев ауылында 6, Бидайкөл ауылында 2 көше)
Республикалық бюджеттен «Самара-Шымкент-Сұлутөбе» кіре беріс 3 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеуге
265 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Мұнан бөлек, жобалық құны 1 млрд 900 млн теңге болатын Шиелі ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент» тас жолының 8 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғыртуға Ұлттық қордан 466 млн теңге, «Самара – Шымкент – Жөлек» жолын орташа жөндеуге 130 млн теңге, Шиелі кентіндегі Тәуелсіздік көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 346 млн теңге бөлінді.