7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Жастар Рухы» ЖҚ Қазалы аудандық филалы және аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жастармен әскери патриоттық кездесу өтті.
«Qaisar» партиялық жобасы аясында өткен шараның мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Нұрлан Құлбаев, «Жастар Рухы» ЖҚ аудандық филалының жетекшісі Нұрбек Ақпанбетов және жас сарбаз Мадияр Әбілқасым қатысты.
Шара барысында, жиынға қатысушы жастар жас сарбаз Мадияр Нұрболатұлына сұрақтарын қойса, ол әскер де болған қызықты жәйттарымен бөлісіп, әскер қатарындағы кездерін еске алып, әңгімеледі. Әскерге бару арқылы тазалықты, ұқыптылықты, азамат ретінде жауапкершілікті сезінуді үйренген жас сарбазды, әскердегі жақсы тәртібі үшін бүгінгі күні 10 күндік демалысқа жіберген.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету патриот жастардың қолында екендігін айтып, жастарды Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге шақырды.