Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.

Мәжілісте жылу маусымының қорытындысы мен келесі жылу беру маусымына дайындық, егін егу науқанының барысы туралы және алдағы мереке күндеріне байланысты нақты шаралар қабылдау үшін сала бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді.

«Қызылорда газ тарату жүйесі» Жалағаш аудандық филиалына, Ақсу және М.Шәменов ауылдық округтерінде тұрғындарға газ желісіне қосылу жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, газ монтаждау жұмыстары кезінде техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтап, мердігер мекемелермен тығыз қарым-қатынаста болуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, орын алуы мүмкін су тапшылығын ескере отырып, ауыспалы егіс тәртібінің сақталуын және күріш дақылын артық егу фактілерін болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылданып, қатаң бақылау жүргізіледі.

Коммуналдық мекемелердің басшыларына электр жарығы, газ, ауыз су жүйесі мен телефон желісінің үздіксіз жұмыс жасап тұруын қадағалауды тапсырған Ардақ Ибраимов, апаттық жағдай орын алған жағдайда қысқа мерзімде қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру қажеттігін жеткізді.

«Халық игілігі үшін жұмыс жасап жатқаннан кейін, олардың мұң-мұқтажына назар аудара отырып, мәселенің шешілу жағына қарай жұмыс жасалу қажет.
Демалыс күндері тұрғындар мұндай қолайсыздықтарды сезінбеуі керек. Жұртшылық жарық, су, газды әсіресе, осы күндері белсенді тұтынатын болғандықтан, жарықтың өшуі наразалыққа әкеледі. Апатты жою қызметі тез арада тиісті іс-қимылға көшіп, барлығын қалпына келтіруі керек.
Аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау біздің негізгі мақсатымыз. Осы ретте өздеріңізге жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, бұл бағытта нақты жұмыс атқарыңыздар»,- деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

БӨЛІСУ