7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Ауған соғысының ардагері, жерлесіміз Әлімжан Ерниязовпен кездесу кеші өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Нұрлан Көлбаев және колледждің студент жастары қатысты.

Кездесу барысында генерал-майор Әлімжан Қанағатұлы әскери өмірдің қызықтары, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастар арасындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау, әскери-патриоттық тәрбие, бүгінгі таңдағы солдаттарға жасалатын мүмкіндіктер жайында сөз қозғап, студент жастармен еркін форматта пікір алмасты.

Қазалыдан шыққан тұңғыш генерал Әлімжан Ерниязов аудан жастарымен де кездесті.

Жиынға Ауған соғысының ардагері Серікбаев Күмісбай, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Нұрлан Көлбаев, аудан жастары және әскерден әскери борышын өтеп келген сарбаздар қатысты.

Кездесу барысында генерал-майор Әлімжан Қанағатұлы әскери өмірдің қызықтары, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери – патриоттық тәрбие, бүгінгі таңдағы сарбаздарға жасалатын мүмкіндіктер жайында сөз қозғап, жастармен еркін форматта әңгіме өрбітті.

Кездесу соңында Отан алдындағы борышын өтеп келген сарбаздар Мақсат Нұрлыбекұлын, Бақдаулет Серікболұлы және Данияр Бозжігітұлын генерал – майор Әлімжан Қанағатұлы марапаттады.

Кездесу соңында аудан жастары генарал-майормен естелік суретке түсті.

БӨЛІСУ