Аудан әкімі Жандос Еркінбек тыл ардагерлерінің отбасына барып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен құттықтап шықты.
Алдымен, аудан басшысы Дүр Оңғар ауылындағы 94 жастағы тыл ардагері Әмзегүл Жақыпованың шаңырағында болды.
Аудан әкімі сұрапыл соғыс кезінде «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» деген ұранмен таң сәріден, кеш батқанға дейін қажырлы еңбек етіп, соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қайсарлықпен көтерген тыл еңбеккеріне ізгі лебізін білдіріп, сый-сияпатын табыстады.
Одан соң, Жосалы кентіндегі 98 жастағы тыл ардагері Алмагүл Кенбаева мен 90 жастағы Сәду Сәрсенұлының отбасыларына барды.
Аудан әкімі бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлерді мерекемен құттықтап, құрмет көрсетіп, алдағы уақытта ұрпақтарының қызығын көруін тіледі.
Үлкенін құрметтеп, ізгілік жолымен келе жатқан ел ісіндегі азаматтарға ардагерлер ризашылықтарын жеткізіп, ақ батасын берді.