7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет «Жанқожа батыр» атындағы шекара бөлімшесіне арнайы барып, шекарашылардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Елдің шетінде, желдің өтінде еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қалт жібермей күзетіп жатқан шекарашыларды мерекемен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Шекара бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Берік Оңтай аудан басшысына еліміздің оңтүстік бағытындағы іргелес Өзбекстан мемлекетімен шекаралас жатқан шекара бөлімшесінің жұмысы туралы баяндады.

Мұнан соң Жанқожа Нұрмұхаммедұлының мәңгілік тыныс тапқан мекеніне арнайы барып, халық батырына тағзым етіп, оның рухына бағыштап, құран оқыды.

Айта кетейік, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаметінің «Қызылқұм» шекара бөлімшесіне ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, Сыр бойындағы халық көтерілісінің басшысы, қазақ даласының хас батыры – Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі берілген болатын.

БӨЛІСУ