Айта кетейік, аудан әкімі Таң ауылдық округіне барған жұмыс сапарында ауылдың амбулаториясына жөндеу жұмыстарын жасауды және 118 орта мектептің абаттандыру жұмыстарын, балалар ойын алаңы мен футбол алаңын сапалы жүзеге асыру қажеттігін жеткізген болатын.

Бүгін аудан әкімі айтылған тапсырмалардың орындалуымен танысып шықты. Ауылдық округте бастау алған жобалардың барлығы дерлік жоғары сапада жүзеге асу қажеттігін жеткізген аудан әкімі Ардақ Ибраимов, жауапты сала басшыларына нәтижелі іс болу үшін қатаң бақылау қажеттігін жеткізді.

Ауылдағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын қарқынды жалғастырып, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан кәсіпкерлік мақсаттағы бастамаларды тиянақты аяқтау тапсырылды.

БӨЛІСУ