Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауыспалы егісті сақтай отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіруде Жалағаш ауданы бойынша «Ер-Әлі» шаруа қожалығы көш бастап тұр.

Сөзіміздің дәлелі қыс бойы өткізілген жәрмеңкелерде аталмыш шаруашылық картоп, сәбіз және қызылша өнімдерін өндірушіден делдалсыз тұтынушыларға арзан бағада ұсынды.

Ақ күрішімен танылған Сыр өңірінде соңғы жылдары «Ер-Әлі» шаруа қожалығының алма бағында өскен жемістер «Құрманбай ата алмасы» атауымен нарықта өз орнын қалыптастырып үлгерді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов шаруашылық төрағасы Әліби Бекжановпен бірге қызу тірліктің куәсі болып қайтты.

Тіршілігі тындырымды кәсіп иелері, алма бақтың бағбаны ретін қаз балапандарын әкелген. 2023 жылы оң нәтижесін берген бұл бастама шаруашылықтың құс етін өндірумен айналысуына себеп болды.

Аудан әкімі өнімді істің бабын тапқан шаруашылықтың тұрғындарға ұсынған татымды өнімдері мен жаңа жұмыс орындары басқаға үлгі етіп көрсетерлік іс екенін жеткізді.

БӨЛІСУ