Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Т. Жүргенов ауылының тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының электрмен жабдықтау жұмыстарымен танысты. 6 ай мерзімде Т.Жүргенов ауылының тұрғын үй секторларна электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыс сапары барысында ауыл ардагерлерімен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Ауылда бастау алған ауқымды жобаның іске асуы барысында тұрғындар пікірі маңызды екенін айтты.

Сонымен бірге, жауапты мердігер мен сала бойынша жауапты бөлім басшыларына елдімекендегі көптен бері оң шешім тапқан тұрғындар сұранысындағы жүйелі істің мерзімінде уақытылы, сапалы аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, Есет батыр елді мекенінде де электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдарды дамыту жұмыстары назардан тыс қалған жоқ. Елді мекенинфрақұрылымы дамып, өндіріс орындары ашылып, көркейту-абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар Президентіміздің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес жүргізілуде.

Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту бойынша«Ауыл Аманаты» жобасы аясында аудан бойынша 179,7 млн. теңгені құрайтын                22 жоба қаржыландырылды.

Биылғы жылы аталған жоба бойынша 381млн. теңгенің несие қаражатын алу жоспарымызда бар. Несие қаражаттары негізінен асыл тұқымды мал шаруашылығы мен өңдеу саласына бағытталатын болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған Бірыңғай Жалпыұлттық жобалар пулы аясында ағымдағы жылы Жалағаш ауданы бойынша жалпы құны 1,0 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылатын болады.

Біріншісі, жеке кәсіпкер Д.Ержановтың жеке қаражаты есебінен құны 500,0 млн. теңгеболатын «Күріш ақтау және жем өндіру»жобасы. Жоба аясында 20 жаңа жұмыс орны құрылады.

Екіншісі, «UNO-PROF Строй» ЖШС-ніңжеке қаражаты есебінен жалпы құны 500,0 млн. тенгені құрайтын «Асфальт өндіру зауыты» жобасы. Жоба іске қосылған уақытта тәулігіне 800 тонна асфальт өндіріліп, 10 жаңа жұмыс орны ашылады.

БӨЛІСУ