Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жүргізді.

Сауда орталығында аудан басшысы халық күнделікті тұтынатын нан, сүт, ұн, көкөніс, қант, картоп, сәбіз секілді өнімдердің қоры мен бағасын бақылап шықты.

– Баға тұрақтылығы сақталуы қажет. Азық-түлік бағасын негізсіз өсіруге болмайды. Бағаны тұрақтылығын сақтау үшін апта сайын тиісті бөліммен талдау жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондықтан халық тұтынатын тауарлар сапалы және қолжетімді болуы тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Бүгінде дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді. Алайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауы тиіс. Ауданда азық-түлік қоры жеткілікті, тапшылық жоқ.

БӨЛІСУ