Әлеуметтік кәсіпкер дегеніміз – халықтың әлжуаз тобын жұмысқа алатындар. Сондай-ақ, әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал ететін қызметпен айналысатын субъектілер болып табылады.
Әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлер 4 санатқа бөлінеді.
Бірінші санат – халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарды, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды, көп балалы отбасылардың өкілдерін, зейнеткерлер мен зейнет жасына дейінгі азаматтарды, 16 жастан 23 жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін, қандастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін әлеуметтік кәсіпкерлер.
Екінші санат – бұл әлеуметтік жағынан аз қамтылған санатынан шыққан азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлер.
Үшінші санат – олар үшін тіршілік әрекетінің шектеулерін еңсеруге немесе өтеуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіпкерлер.
Төртінші санат – әлеуметтік салада жұмыс істейтін әлеуметтік кәсіпкерлер.
Қағидаларға сәйкес, арнайы комиссия шешімімен бекітілген әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен 2023 жылы ауданымыздан «Рауан» мектепке дейінгі шағын орталық» ЖШС-гі мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санатпен тізілімге енгізілсе, 2024 жылы «ХАНШАЙЫМ-1 бөбекжай-балабақшасы» ЖШС-гі де мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санатпен тізілімге енгізілді.
Осы Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Эмин Әскеровтің айтуынша, әлеуметтік өзгерістерді қолдауға бағытталған жаңа бағыттың жүзеге асуына Мемлекет басшысының өзі тікелей қолдау білдіріп, бастамашы болып отыр.
Аталған заң азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жұмыспен қамтуды жеңілдетуге және олардың қоғамдық пайдалы қызметке қатысуына, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері өндіретін тауарларды нарыққа енгізуге мүмкіндіктер берумен қатар, ғимараттарды жеңілдікпен жалға алу мен салық жеңiлдiктерiн, тағы да басқа мәселелерді қарастырады.