Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың төрағалығымен «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысшы тобының отырысы өтті.
Жиында жоба аясында аптада атқарылған жұмыстар сараланып, оқу курсынан өтіп жатқан азаматтардан несие мәселесін реттеу бойынша түскен өтініштерді қарастыру, екінші деңгейлі банкттер тарапынан қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Отырыста жоба аясында оқытушы тренерлер мен менторлар және екінші деңгейлі банк өкілдері жұмысты жетілдіру мен азаматтардың өтініш заң аясында қанағаттандыру бойынша ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.
Жалпы биыл облыс бойынша 8000 азамат қаржылық сауаттылық арттыру курстарынан өткіу жоспарланса, бүгінгі күні тұрғындардың оқумен қамтылуы 31,1 пайзды құрап отыр.
Мамыр айының 13-нен бастап «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы оқу семинарлары Арал және Қазалы аудандары мен Қызылорда қаласында жүргізілетін болады.