Агенттіктің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарына» сәйкес мемлекеттік қызметтерді алу бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 3 мамырында Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен №3 қалалық емхана ғимаратында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

Жобаның мақсаты – Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес мемлекеттік қызметтерді алу бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру болып табылады.

Шара барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, №3 қалалық емхананың мамандары медициналық көмек, дәрі-дәрмек алу, емханаға тіркелу, денсаулық сақтау саласындағы басқа да қызметтер бойынша консультациялық кеңестер берілді.

Өз кезегінде, аталған іс-шара әр-түрлі тақырыптық салалар бойынша ай сайын өткізілетін болады.

БӨЛІСУ