Сыр өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 98,8 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен 1,5 пайызға төмен қалыптасты.
Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында айтты.
Өздеріңізге белгілі Жалағаш ауданы бойынша «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорындағы өнімдері жылжымалы жәрмеңке арқылы тұрғындарға төмен бағамен ұсынылуда.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру мақсатындағы жүйелі жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Жалағаш кенті және ауылдық округ әкімдеріне тұрғындарға бау-бақша егуге арналған жер телімдерін бөліп беруді тапсырды.
Өндірушіден делдалсыз тұтынушыға ұсынылатын жергілікті өнімдер мөлшерін ұлғайту қажет екенін айтты.
Сондай-ақ, «Ер-Әлі» шаруа қожалығының аудан тұрғындарына өз өнімдерін қол жетімді бағада ұсынғаны секілді, басқа шаруашылықтарда жергілікті тауарларды жәрмеңкелер мен дүкен сөрелеріне шығаруды қолға алу керектігі айтылды.