Орталық базасында жасанды интеллектті алғаш рет қазақша сөйлеткен қызылордалық Асылжан Абдуллаевпен кездесу өтті. Жиында жас технократ ІТ саласындағы жетістіктері мен жобаларын таныстырды. Мәселен, Асылжан – тарихи тақырыптарды 15 секундта таныстыратын «Тарихнама» медиа жобасы, шетелдік фильмдерді қазақ тіліне аударып, дыбыстайтын «Orda Studio» студиясы және мылқалуларға арналған «QazTTS» жасанды интеллектінің авторы. Ал, ең сәтті жұмысы – QAZAQ-GPT. 300 мыңнан аса қазақша сөз бен 220 миллиардтай ақпарат енгізілген бұл алғашқы қазақша жасанды интеллектке Американың ІТ саласындағы алпауыт компаниялар қызығушылық танытып, бірлесе жұмыс істеуге шақырыпты.
Кездесу барысында Асылжан ІТ бағытындағы алғашқы қадамдары мен алдағы жоспарларын тілге тиек етті. ҰБТ-ға қарқынды түрде дайындалып жүрген 11 сынып оқушысының қанжығасында бүгінде бірқатар ЖОО-ның арнайы гранты бар. Десек те, Асылжан бұл жетістіктерге тоқмейілсімей, сындарлы сынақты сәтті тапсыруға бар күшін салып жатқанын айтады.
Жалпы, бұл қатысушылар үшін мотивацияға толы жиын болды. Оқушылардың ІТ саласына деген қызығушылығы артып, мамандық таңдау, бос уақытты тиімді әрі сапалы өткізу турасында мол мағлұматтар алды.