Батыр қыз атындағы білім ұясына Сыр еліне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенатының депутаттары мен Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы арнайы келіп, инклюзивті білім беру бағытында жүргізілетін жұмыс түрлерімен, колледждің материалдық – техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ аталған шараға Облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы, колледж директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы және оқытушылар мен студенттер қатысты.

Сарыарқа төрінен Сыр еліне сапарлай келген қонақтар оқу орнының бірқатар жұмыстарын тамашалап, колледж тынысымен танысты.

Атап айтсақ: Инклюзивті білім беру бағытындағы жұмыстармен танысып, «Сөйлеу тілін дамыту бағытындағы нейрокоррекциялық жаттығулар («Ақылды» айна, «Алмаз» интерактивті құмсалғыш үстелі)» тақырыбындағы логопедия мамандығындағы білім алушылармен семинар- практикумына куә болды.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының дуалды оқыту кабинетіндегі “Ерекше және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқыту кезіндегі заттық дамытушы ойын алаңын ұйымдастыру жолдарымен танысты.

Заманауи үлгідегі жағаның түрлері мен сәнді мойын орамалдарын пішу, тігу жұмыстары (CorelDraw бағдарламасымен дайындалған жұмыстарды практикалық тұрғыдан дайындау жолдары) тақырыбындағы
«Көркем еңбек» мамандығының қыздар шеберханасынан интеграцияланған сабаққа қатысты.

«Startup inclusion – болашаққа нық қадам» тақырыбындағы “Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері және Информатика” мамандығы мен Manshuk IT Hub орталығының жұмысымен танысты.

«Білім нұры» педагогикалық жетістіктер галереясын аралап, колледж тарихы, әр жылдардағы басшылары мен оқу орны жетістіктері көрмесін тамашалады.

Оқу орны ауласында ұйымдастырылған «Әдістемелік вернисаж» колледждің оқу-әдістемелік көрмесін аралады.

«ЕР МӘНШҮК, АРУ АТЫ ЕЛ ЕСІНДЕ!» жастардың патриоттық фестиваліне қатысып, “Япурай” хор ұжымының өнерін, “Ассорти” студенттер театрының “МОНШАҚ” театрландырылған қойылымынан үзінді тамашалап, қаһарман қыз Мәншүк ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты. Жиын соңы естелік суретке түсумен қорытындыланды.

БӨЛІСУ