«Ұлттық рухтың негізі – ана тілі» атты дөңгелек үстел өтті.

2024 жылғы 30 сәуір күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Шоқайтану» ғылыми орталығында жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу мақсатында жарияланған тіл айлығының қорытынды шарасы «Ұлттық рухтың негізі – ана тілі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы С. Аңсат, Ұлттық құндылықтар академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы М. Орманова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қ. Есімсейітова, тіл жанашырлары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары мен студенттері, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары А.Қамбаров кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу туралы облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Күн тәртібіне сәйкес Ұлттық құндылықтар академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы М. Орманова «Білім-әлемдік, тәрбие-ұлттық», «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С. Аңсат «Тіл – ұлттың жаны», Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры,ф.ғ.к. А. Абасилов «Ана тілінің әлеуметтік лингвистикалық сипаты мен мәні», Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. К. Сарышова «Бүгінгі білім беру парадигмасындағы тілдік тұлға мәселесі» тақырыптарында хабарлама жасады.
Айтылған мәселелер туралы дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікіралмасты. Жас ақын А. Түменбаев сөз алып, жастарды ана тілімізді құрметтеуге шақырды.
Шара соңында тіл айлығы аясында өткен «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбындағы бейнеролик байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқау қорытындысымен жүлделі І орынды С.Әлжіков атындағы №144 мектептің 9-сынып оқушысы Р.Асылтаев, ІІ орынды М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ҚТЗ-22 оқу тобы, ІІІ орынды Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж студенті С. Мейрамбек жеңіп алса, ынталандыру сыйлығына И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің «Жастар театры» мүшелері ие болды.
Дөңгелек үстелді Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары А.Қамбаров қорытындылап, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

БӨЛІСУ