«Досболlike» бағдарламасын апробациялауға 70 мыңға жуық оқушы қатысуда.
Биылғы жылдың наурыз айынан бастап еліміздің 50 мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігімен әзірленген «Досболlike» антибуллингтік бағдарламасын апробациялау басталды. Бүгінде оған еліміздің 9 өңірінен 70 мыңнан астам оқушы мен 5300 педагог қатысуда.
«Бұл бағдарлама білім алушылардың конфликтілі жағдайларға сындарлы әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға, балалардың әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамытуға бағытталған. Сәтті апробациядан кейін «Досболlike» бағдарламасын бүкіл ел аумағында тарату жоспарланып отыр. Бұл оқытудың қауіпсіз ортасын құру үшін маңызды қадам, онда әрбір бала неғұрлым сенімді, эмоционалды тұрақты және басқалармен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылға дайын бола алады», – деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Айта кетейік, апробация аясында республика бойынша педагогтерді оқыту және әдістемелік қолдау, мектеп әкімшілігі үшін түрлі семинарлар, тренингтер өткізіледі.