Облыс әкімінің орынбасары Жаханов Бахыт Дүйсенұлы Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Жандос Еркінбекпен бірге бір қатар құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен, облыс әкімінің орынбасары Төретам кентін табиғи газға қосу жұмыстарының барысын көрді. Жауапты сала басшыларына қысқа мерзім ішінде құрылыс жұмыстарын аяқтап, көгілдір отынды ел игілігіне беруді тапсырды.

Одан соң, Ақай ауылдық округіндегі құрылысы жүріп жатқан дене шынықтыру — сауықтыру кешеніне барып, жауапты мердігермен кездесті. Мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы етіп жасап, қысқа мерзімде аяқтау қажет екендігін ескертті.

Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын қадағалады. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 372,6 шаршы метрді құрайды. Құрылыс барысын саралаған облыс әкімінің орынбасары тиісті сала басшыларына пәтерлерді уақытында аяқтап, халық игілігіне беру үшін жұмысты сапалы орындау керектігін қаперге салды.

Жосалы кентінде жаңадан ашылған “Тәуелсіздік” ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу құрылысы жүргізіледі.

Аудан бойынша тұрғындарды газбен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында жалпы құны 7 млрд. 172 млн. теңгені құрайтын Дүр Оңғар ауылына газ желісі құрылысы ағымдағы жылы басталады.

Электр желілерді қайта жаңғырту бүгінгі күнге өзекті мәселелердің бірі, себебі аудан бойынша электр желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен. Осы мәселені кезең кезеңімен шешу мақсатында 2020 жылы Жосалы, Төретам кенттері мен Ақай елді мекеніндегі электр станциялары қайта жаңғыртудан өткізілді.

Электр желілерін жаңғырту үшін  демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттары әзірленген болатын. Ағымдағы жылы Көмекбаев, Ақтөбе, Иркөл елді мекендеріне республикалық бюджеттен 631 млн.теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталатын болады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда 6 елді мекеннің электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттар әзірленуде, оның ішінде аудандық бюджет  есебінен – 4 (Ақжар, ІІІ Интернационал, Алдашбай Ахун, Қармақшы елді мекендері)және демеушілік қаражат есебінен – 2 (Жаңажол, Тұрмағамбет елді мекендері)жоба әзірленді.

Ауданда халықтың  спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Жосалы кентіндегі (құны 496,3 млн.тг) дене шынықтыру кешеніпайдалануға берілсе, Ақай, Дүр Оңғаржәне ІІІ Интернационал ауылдарында дене-шынықтыру кешендерінің (1.3 млрд. тенге)құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық бюджет қаражаты есебінен 2023  жылы Иіркөл, Төребай би, Ақай,Ақжар ауылдық округтерінде балалар және спорттық ойын алаңындарыорнатылып, Тұрмағамбет, Алдашбай Ахун ауылындағы спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және Ақтөбе аулында балалар ойын алаңы толығыменабаттандырылды.

Жосалы кентіндегі дене шынықтыру кешенінің бу қазандығы табиғи газге ауыстырылды(56,7 млн.теңге).

2024 жылы Аймақ басшысының бастамасымен музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер үй мен жастар орталығы, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи, мадени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі жалпы құны 1 млрд. 635 млн. теңгені құрайтын «Руханият орталығының» құрылысы жүргізіледі.

БӨЛІСУ