Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жедел топ жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында кезекті рейд жұмыстарын жүргізді.

Жедел топ аралау барысында қаладағы бірнеше мөлтек аудандар мен ойын-сауық орындарын қамтып, Сол жағалау тұрғын ауданында заңды өкілінің қарауынсыз жүрген кәмелет жасына толмаған 1 жасөспірімді анықтады.

Айта кету керек, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты алдын алуға бағытталған шаралардың нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және көшеде жүретін жасөспірімдердің саны азайған.

Жалпы, жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуына, 23:00-ден 6:00-ге дейін көшеде жүруіне тыйым салынады. Сондықтан барша ата-аналардан балаларды беймезгіл уақытта қараусыз қалдырмауды сұраймыз.

БӨЛІСУ