2024 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысы өткізілді.

Ұлттық құрылтай – ұлт болашағына қатысты маңызды ұсыным қабылдайтын бірегей алаңға айналды. Мемлекет басшысы рухани дамудың бағыттарын белгілеп, қоғамдағы өткір мәселелерге тоқталып, озық ұлт болуды меңзейтін бірқатар идеологиялық ойларымен бөлісті.
Президентіміздің бастамасы қоғамда үлкен қолдау тапты.
Президентіміз ұлт болып қалыптасу тарихымыздың тереңнен бастау алатынының дәлелі ретінде Жошы Ұлысының құрылғанына биыл 800 жыл толуына орай бірнеше тарихи деректерге тоқталып өтті.
​Қең байтақ жерімізде өмір сүрген тарихи тұлғаларды жас ұрпаққа дәріптеу баршамыздың ортақ міндетіміз. Тарихи оқиғалар негізінде өскелең ұрпақ бойына – елге, жерге, отанға деген сүйіспеншілігін дарытып өсуі тиіс.
Осы ретте,Қызылорда облыс әкімдігі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті бірлесіп Достық үйінде «Қазақ тарихындағы Жошы Ұлысының рөлі» (Сыр өңірінің тарихы негізінде) ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияға зиялы қауым өкілдері, Облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ және ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Қызылорда қаласы орта мектептерінің «Тарих» пәнінің мұғалімдері, Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дің оқытушы ғалымдары, магистранттары, студенттері, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Конференция аясында бірқатар ғалымдар «Ресей мемлекетінің Ордалық дәстүрлері», «Алтын Ордада дін және саясат арақатынасы», «Жошы ұлысының қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи орны», «Ресей ғалымдарының еңбектеріндегі Алтын Орда», «Ортағасырлық Қыш қала (Баршынкент) Жошы ұлысының Ордасы» тақырыптарында баяндама жасады.
Конференция соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, еліміздің даму жолындағы қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды.

БӨЛІСУ