“ЖҰЛДЫЗАЙ” XIX Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің марапаттау кезеңі Асқар Тоқмағанбетов мәдениет үйінде өткізілді. Оған басқарма басшысының орынбасары Қали Бектұр Асанханұлы және ВІ Жұлдызай корпаративтік қорының жетекшісі Сәлімбаева Алмагүл Аманжолқызы қатысып, фестивальдің облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады. Жеңімпаздарға облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен сыйлықтары табысталды.
«ЖҰЛДЫЗАЙ» XIX Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал етуге және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің кәсіби дағдыларын игеруге және әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне ықпал ету.
«Juldyzai» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі ерекше балалардың жыл сайын асыға күтетін мерекесіне айналып, биылғы жылыда Қызылорда облысы бойынша кең көлемде аталып өтілуде. Фестивалге 115 оқушы қатысып, 32 оқушы жеңімпаз атанып республикалық кезеңге жолдама алды. Облыстан жыл сайын Республикалық кезеңге қатысушылар саны артуда.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ерекше балалардың білім алу құқығын жүзеге асыру бөлігінде нақты жұмыстар жүргізуі қажет.«Бұл іс-шаралардың барлығы ерекше қажеттілігі бар балалардың әлеуетін толыққанды жүзеге асыруға септігін тигізетіндігіне сенімдімін», – деп атап өткен болатын. Зайырлы да демократиялық қоғамда баланың бәрі бірдей. Бөліп-жаруға жол берілмейді. Ерекше балалардың жағдайы да әркез мемлекет қолдауында. Олардың білім алуы мен қоғамға араласуы да назарда ұсталады. Бүгінде ерекше балалардың өнерге деген сүйіспеншілігі ерекше екендігін ескере отырып, болашақ ұрпаққа қамқорлық пен көңіл бөлуді көрсететін маңызды оқиғаларға айналды.