«Кітап-AMANAT» орталығында танымдық кездесу өтті.

Өткен жылы қазақстандықтардың зияткерлік және шығармашылық капиталын дамытуға бағытталған жаңа «КІТАП – AMANAT» партиялық жобасы бастау алған болатын. Жоба аясында алғашқы болып, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қатысуымен Алматы қаласында «Кітап-AMANAT» мәдени-ағартушылық орталығы ашылды. Бұл бастама барлық өңірлерде жалғасын тауып, біздің өңірімізде де орталық жұмысын бастады. Жалпы «Кітап-AMANAT» жобасының басты мақсаты: «AMANAT» партиясы жанында оқырман мәдениетінің құндылығын қалыптастыратын зияткерлік қауымдастық жасау.

Бүгін 23 сәуір «Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне» орай, партияның облыстық филилалы жанындағы «Кітап-AMANAT» орталығында Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, Ғани Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының иегері, қазіргі таңда хит әндердің авторы Ақжол Түменбаймен кездесу өтті.

Шараға «Жастар рухы» ЖҚ-ның белсенді жастары, жас ақын-жазушылар қатысты.

Кездесу барысында Ақжолдың шығармашылығы жайлы әңгіме қозғалып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Сонымен қатар, автордың оқыған кітаптары жайлы, бүгінгі күні көп оқылатын кітаптар туралы пікірлер айтылып, жастар автор әндерін бірге орындап,олардың шығу тарихын талқылады.

Кездесу соңында Ақжол Түменбай партияның «Кітап – AMANAT» жобасының отандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталғанына ризашылығын білдіріп, жастарды кітап оқуға шақырды. Сонымен қатар жеке кітапханасынан орталыққа кітап сыйға тартты.
#AMANAT

БӨЛІСУ