Аудан бойынша 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары күшейтіледі. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов мәжіліс отырысында айтты.
Жалағаш кенті және ауылдық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірге азаматтарды әскерге шақыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Мерзімді әскери қызметке бару бүгінгі жас буын үшін міндетті, отандық патриотизмнің үлгісі екенін түсіндіру мақсатындағы ақпараттық жұмыстарды күшейту қажеттігін жеткізді.