Басқарма басшысының орынбасары Ерсұлтан Амантайұлы егін егу науқанының жағдайымен танысты.

Бүгін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерсұлтан Амантайұлы Жаңақорған ауданына арнайы іс-сапармен барып, су тапшылығына орай атқарылған жұмыстар мен ақ егістіктердің суарылу жағдайымен танысты.

Ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Т. Зейдалиев бүгінгі күнге Сырдария өзенінен Келінтөбе магистралды каналына 17 куб текше метр , ал Сунақата магистралды каналына 1 куб текше метр су беріліп тұрғандығы жайлы айтып, осы су көлемдері арқылы 5400 га жоңышқа, 2200 га күздік бидай суарылғандығын хабардар етті.

Ерсұлтан Амантайұлы егістік басында шаруалар мен су мамандарымен кездесу барысында биылғы жылы алдын ала болжам бойынша су тапшылығы орын алатындығын жеткізіп, алдын алудың барлық шараларын осы кезден қолға алу қажеттігін түсіндірді.

Бекітілген 6035 гектар күріш көлеміне сай егу мен суару кестелеріне байланысты жүйелі жұмыстарды жүргізуді ,яғни ерте егіп суға бастыруды ерте аяқтауды ауызбіршілікпен атқаруды тапсырды.

БӨЛІСУ