Биылғы жылдың 23 сәуір күні Қызылорда қалалық мәслихатының әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері мен бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Бірлескен комиссия отырысына қалалық мәслихат төрағасы Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы төрағалық етті.
Бірлескен комиссия отырысында «Қала аумағында орналасқан қоғамдық орындар мен базарлар, сауда орындары және әлеуметтік нысандарда, қолайсыз аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау талаптарының сақталуы» және «Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, инвестиция тарту, өндіріс орындарының ашылу мәселелері туралы» мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Сыздықова хабарлама жасап, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау талаптарының сақталуы бойынша:
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар базарлар мен сауда үйлерінің өндірістік бақылау бағдарламасымен жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
Уақытша жаз-күз айларында қызмет ететін базарларды (Яссауи көшесі бойында, 3 іріленген квартал) нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкестендіру;
Азық-түлік базарларында өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) герметикалық қапталған консервіленген тамақ өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, аспаздық (ет және балық, көкөніс, ұн) бұйымдарды, жас және қайта өңделген саңырауқұлақтарды өткізуге жол берілмеуін қатаң сақтау;
Жануардан алынатын өңделмеген тамақ өнімдерін (ет, балық, құс еттері, сүт өнімдері) қабылдау, сақтау, тасымалдау және өткізу ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері, көкөністер, жеміс-жидектер, бақша дақылдарын құрамындағы нитраттардың болмауы туралы анықтамалары бар болғанда жүргізуді қамтамасыз ету туралы ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар, депутаттар тарапынан Қызылорда қаласына қарасты қолайсыз аймақтарында (12 аймақ) көктемгі-күзгі кенелерге қарсы дезинсекция жұмыстарының мердігер мекемелермен тарапынан сапалы жүргізілуін бақылау, кене шағу фактілеріне қатысты қауіпті аймақтардағы сақтандыру шаралары қатаң бақыланып, түсіндірме жұмыстары көбірек жүргізілуі, базарлар мен сауда үйлеріндегі санитарлық талаптардың орындалуына мониторниг мақсатында депутаттармен бірлесе топ құрып жұмыс жасауды қолға алу жөнінде ұсыныстар берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының м.а. М.Жетілгенов хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бұл мәселеге қатысты депутаттар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Бірыңғай кешенді бағдарламасының IV бағытына қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттерді (аталған бағытта моно және шағын қалалар, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар іске асырылу орны мен кәсіпкерлердің тіркелген орны тіркеліп, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.) енгізу туралы, Қызылорда қаласында қай сала бойынша инвестиция тартып, кәсіпкерлікті дамытқан тиімді, өңірдің ерекшелігіне байланысты қандай сұраныстар бар екенін анықтап, көпшілікке ұсыну, экономикалық талдау жасап, қорытындысын жариялап отыру жөнінде ұсыныстар берді.
Комиссия отырысына қалалық мәслихат депутаттары, Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Сыздықова, қалалық Полиция басқармасының ЖПК бөлімінің бастығы Ж.Естаев, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, қалалық кірістер басқармасы өкілдері, Қызылорда қалалық «Мансап» орталығы, қалалық ветеринариялық станция басшылығы, қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы жер бөлімінің басшылары, жауапты мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.