Қазақстан Республикасы Қарулы ҚүштеріӘскери полициясы бас басқармасының бастамасын Қызылорданың әскерлері сәтті орындап, өңірдегі әскери құқықбұзушылық деңгейін күрт төмендетті.

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы, Қызылорда облысы Полиция департаментінің өкілдері, Қызылорда облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің психолог маманы, Қызылорда облысы Дін істері басқармасының теолог маманы, Қызылорда қаласы «Нұр» мешітінің 1-ші найб имамымен бірлесе отырып, «Өмірді сақта» ведомствоаралықбағдарламасына сәйкес «Құмар ойынды тоқтат!», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық», «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы», «Суицидтік көріністерді алдын алу», «Қауіпсіз жол» іс-шарасы, «Ұқыпты келбет-жетістікке апаратын жол!» әскери киім үлгісін кию талаптарын сақтау бағытында құқық бұзушылықтарды алдын алу, «Қауіпсіз палигон» іс-шарасы мен «Билікті асыра пайдалану» деректерін алдын алу тақырыптары аясында 2024 жылғы сәуір айында дәрістер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Қызылода гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелердің барлық санаттағы әскери қызметшілеріне және отбасы мүшелерінеқылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық жасауға тәуекел ету немесе оқталу іс-әрекеттерін, оның ішінде бұзақылық жасау, есірткі және алкогольдік ішімдікті пайдалану, көлікті мас күйінде жүргізу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін түсіру және имандылықты қорлайтын масаң күйде келу, жол қозғалысы ережелерін сақтау,тұрмыстық зорлық-зомбылылықты алдын алумақсатындағы арнайы жұмыстар жан – жақты жүргізілді.

Оқу дәрістері барысында әскериқызметшілердің отбасылық жағдайда немесе адамның өміріне қол сұғушы адамға не қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне қауіпті қарулы шабуылмен немесе зорлық-зомбылықпен не осындай зорлық-зомбылықтың тікелей қатерімен, не тұрғын үйге, үй-жайға басып кірумен ұштасқан өзге де қолсұғушылыққа, азаптауға жол бермеу, өз-өзіне қол жұмсау көріністерін бодырмау, құмар ойынның соңы ауыр зардапарға әкелетіндігі, әскери қызметшілердің әкімшілік құқықбұзушылық фактілері туындаған жағдайда-олардың жанұяларына тікелей әсерін тигізетінін сонымен қатар айыппұл төлеу ол әр әскери қызметшінің отбасылық бюджетіне ауыр тиетіндігі түсіндірілді.

Әскери қызметшілер арасында құмар ойындарға әуес болу, алкогольдік ішімдікті немесе есірткі заттарын пайдалану, отбасытұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерде құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзусияқты да жағдайлар кездесіп жатыр. Ол әскери қызметшілердің жанұясының шырқының, некенің бұзылуына әкеп соғады. Шырқы кетіп, шырайы қашқан отбасыларда бақытты ана, алаңсыз бала болмайтыны да аян. Үрке қорқып отыратын балаларға отбасылық құндылықтарды ұғындыру, кемел келешекке қамсыз көз жүгірткізіп сендіру әсте мүмкін еместі. Берік мемлекетіміздің тамшыдай бөлігі болатын жас отбасылы әскери қызметшілерімізге саналы ұрпақ тәрбиелеуіне, үлгілі отбасы болуына,  салауатты өмір салтын ұстанып отбасы жағдайында немесе қоғамдық орында болсын құқықтық тәртіптің мәдениетін сақтау керек екендігі түсіндірілуде. Ең бастысы, мұндай түсіндіру жұмыстары өз нәтижесін беруде.

Қазіргі таңда, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерінің тиянақты атқарған профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілердің құқық бұзушылықтары төмендеп, әскери тәртіптің жағдайы жақсаруда.

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету

жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы

майор Бақтияр Дәуренқұлов

БӨЛІСУ