«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының “Киелі мекен” апталығы аясында аудан аумағындағы тарихи ескерткіштер мен кесенелер маңы тазартылып, абаттандырылуда.

Бүгін Ақирек ауылдық округіндегі «Арыстан баб» кесенесіне тазалық жұмыстары жүргізілді.

Игі бастамаға аудан әкімі А. Оңғарбаев, ардагерлер мен ерікті жастар, мекеме қызметкерлері атсалысты.
Тазалық науқанына қатысушылар алдымен Ақирек тауының баурайында баба рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
«Арыстан баб» кесенесі жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштері тізіміне алынған. Ақбай елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырымда орналасқан, қала құрылысы және сәулет ескерткіші қатарына жатады.
Тазалық жұмыстары барысында зират маңында әктеу, сырлау жұмыстары жүргізіліп, асхана, тілеухана ғимараттарының түскен жерлері сыланып, аумағы күл қоқыстар мен қажетсіз заттардан тазартылды.

Аудан әкімі Арыстан баб зиратына жаңадан тілеухана, автотұрақ салып, қонақ үй ғимаратын салып, шығыс стильінде абаттандыру жұмыстарының жобасымен таныстырды.
Ақирек тауының маңында орналасқан Арыстанбаб зираты халық қадір тұтатын бірден бір қастерлі мекен.

БӨЛІСУ